Мемлекеттің шамадан тыс көмегі жалқаулық пен масылдыққа итермелейді

Елімізде әлеуметтік төлемдер жүйесіне жаңа тәртіп енгізілмек. Президент бастамасымен әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы мөлшері бірыңғайланады. Бұл шешімнің себебі де түсінікті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттің шамадан тыс көмегі жалқаулық пен масылдыққа итермелейді. Қазір әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаржы бюджет кірістерімен салыстырғанда әлдеқайда жылдам өсіп отыр. Міндеттемелердің көлемі шекті деңгейге жеткен. Әсіресе елордада бұл құбылыс айқын сезіледі, жәрдемақы алушы саны күрт көбейген.
———————————————