Президент Конституциялық сот және Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағаларын қабылдады

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады. Жалпы 2,5 жыл ішінде, азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен. Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша, 300-ден астам шешім қабылданды. Эльвира Азимова осылай мәлімдеді.

Мұнан соң Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Ведомство 24 миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Заңсыз микронесие беру деректері бойынша да жұмыс жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы ведомство қызметінің басты бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
———————————————