Түркияда 16 жастағы жасөспірім полицияға оқ атқан

Тәртіп сақшыларына 16 жастағы жасөспірім оқ атқан. Соның салдарынан 2 қызметкер бақилық болды. Тағы 2 адам жараланды. Қазір күдікті ауруханада жатыр. Оған да атыс кезінде оқ тиген. Измир губернаторы Сүлеймен Элбюанның айтуынша, жасөспірім полиция бөлімшесі орналасқан көшеде тұрады. Оның мұндай қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Тергеу басталды.
———————————————