Алматы облысындағы туристік нысандарға апаратын тас жолдар жөнделе бастады. Өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған Көкпек – Шонжы, Кеген – Нарынқол, Жалаңаш – Саты республикалық тас жолдары әбден ескіріп, тозған еді. Сол себепті жергілікті тұрғындар тарапынан аталған жолдардың жағдайына қатысты сын-ескертпелер көп айтылды. Тіпті Райымбек ауданының жүргізушілері наразылық білдіріп, бірнеше рет жолды жауып тастаған болатын. Биыл Кеген – Нарынқол тас жолының 74 шақырымы және Жалаңаш – Саты жолының 6 шақырымы жөнделеді. Ал Көкпек – Шонжы тас жолын орташа жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінді. Демалушылар қазан айынан бастап Ұйғыр ауданындағы ыстық су көздеріне тақтайдай тегіс жолмен қатынайтын болады.
ҚҰРМЕТХАН ЖИДЕБАЕВ — ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Тұрған жеріміз – Шарын өзенінің шатқалы. Өте қиын шатқал еді. Қазір, міне, мердігерлер, Үкімет көңіл бөліп, үлкен шаруа атқарылып жатыр. Жергілікті халыққа, Қытаймен байланысып отырған шекаралық аймаққа өте үлкен ықпалы бар деп ойлаймыз. Туристер бар, кәсіпкерлер бар, бәріне көп көмегі бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.