Атыраулық оқушы жолдағы шұңқырларды анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Атыраулық оқушы жолдағы шұңқырларды анықтайтын арнайы құрылғы ойлап тапты. Өнертабыс жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алмақ. Қарапайым құрылғыны құрастырған 11-сынып оқушысы Саян Ибрагимов. Жас өнертапқыш ғылыми жобасын қорғап шықты. Ендігі жоспары оны қолданысқа енгізу.
САЯН ИБРАГИМОВ, ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ:
— Осы құрылғыны әкем екеуміз көліктің астына бекіттік те үй жақтағы жолдарда бір жүріп өттік. Бәрі ойдағыдай өтті. Бүкіл шұңқырды анықтап берді. Мұның барлығы Excel деген программаға түседі. Енді осы жобамды жетілдіріп, түрлі стартапқа, жарысқа қатысамын деген үміттемін.
———————————————