Жаңа оқу жылы басталысымен мектептерге тұрақты түрде жаппай дене жаттығулары енгізіліп жатыр.
Бұл – балалардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс тапшылығының алдын алуға бағытталған бастама. Дегенмен мұндай үрдіс бұрнағы жылдары болған, оны аға ұрпақ біледі. Сол үрдіс енді қайта жаңғырмақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлем бойынша балалар мен жасөспірімдердің 80%-дан астамы жеткілікті қимыл-қозғалыс жасамайды. «Бұл олардың зейініне, оқу үлгеріміне және жалпы денсаулығына әсер етеді», — дейді мамандар. Сондықтан ел мектептеріне енгізілген жаттығу аптасына бір рет, ұзақтығы үш минут болады. Оған барлық оқушы мен мұғалім қатысады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.