9 есірткі зертханасы жойылып, жүздеген келі есірткі мен қару тәркіленді. Бұл – Ішкі істер министрлігінің үш айлық операция нәтижелері бойынша есебі. Маусым айынан бері жүріп жатқан «Қарасора – 2025» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицияның арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұлан күштері 20 есірткі алқабын анықтап, жалпы салмағы бір тоннадан асатын бес мыңнан астам бұтаны жойған. 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың, соның ішінде трансұлттық топтың да қызметі тоқтатылды.
ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ІІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— «Қарасора – 2025» операциясының үш айындағы нәтижесі бойынша 677 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 242 сату, 220 заңсыз егіс фактілері, 2 тонна марихуана, 47 килограмм гашиш, 3 тонна қарасора, 155 килограмм синтетикалық есірткі және 8,5 тонна прекурсор тәркіленді. 27 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.