Алатау City – Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық қала

Президент Жолдауында Алатау City-ге ерекше мәртебе берілетінін мәлімдеді. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы толық цифрлық қала болмақ. Мемлекет басшысы Үкіметке он күн ішінде мәртебе беретін Жарлық жобасын әзірлеуді, ал алты айдың ішінде басқару тетігі, қаржылық моделі және өзге де маңызды қырлары айқындалған жеке заң қабылдауды тапсырды. Біз барлық қаржылық операция мен сауда-саттық түгел криптовалютамен жүргізілетін қаланың кейпі қандай болу керектігін сарапшыдан сұрап білдік.
НҰРБОЛАТ ҚҰРМЕТҰЛЫ, ЭЗИ ӨЗЖӨСО ДИРЕКТОРЫ:
— Ол бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, Қазақстанда үлкен экономикалық өсу орталығын құрылады. Қазақстан Орталық Азияда өзін цифрландыру саласында, технологиялар саласында өзін көшбасшы ретінде көрсеткісі келеді. Қаланы іске қосуға арналған іс-шараларды жылдамдатуға, нәтижесін артыруға сол үшін қолданылып жатыр. Мысалға мұндай мемлекеттік деңгейде ерекше мәртебе беру сияқты үлкен шараларды қолға алу ол шетелдік инвесторларға жанағы Азиядағы, Қытайдағы үлкен-үлкен ірі жаңа технологиялық компанияларға сигнал болып табылады. Яғни Қазақстанға келуге болады осында жұмыс істеуге болады деген сияқты.
———————————————