Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
КЛУБТА КӨЗ ЖҰМДЫ
Түнгі клубтағы төбелес. Астанада көңіл-көтеріп жүрген жігіттер шекісіп, жаға жыртысты. Бата тимей, қате тиген жұдырық салдарынан — 19 жастағы азамат оқиға орнында жан тапсырды.
ҚАСТЫҚШЫЛ ЖАСӨСПІРІМ
Қарағанды тұрғындары қастықшыл баланы жазаға тартуды сұрайды. Жасөспірім кірпішті шатырға арқалап шығып, оны әдейі шетке қояды екен. Төбеден бірнеше рет кірпіш құлағанын көрген азаматтар алаңдаулы.
ҚҰПИЯ СӨЗДІ АУЫСТЫРЫҢЫЗ!
Хакерлер Google мәліметтер базасын бұзып, 2,5 млрд Gmail қолданушысының дерегіне қол жеткізді. Осыған байланысты, еліміздің бас прокуратурасы аккаунт иелеріне құпия сөзді ауыстыруға кеңес берді.
ТАБЛОСЫЗ АЙЫРБАС
Бүгіннен бастап көше бойындағы таблодан валюта бағамына қатысты мәліметті көрмейсіз. Оны көрнекті етіп жазуға тыйым салынды. Енді ақша айырбастау пунктері валютаны қалай сатады?
КҮШТІ ҚҰТҚАРУШЫ
Күш атасын танымас. Солтүстік Қазақстан облысында дүлей күш иесі құтқарушы болып қызмет етіп жүр. Аққайың ауданының тұрғыны екі вагонды қиналмай сүйрейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.