Вандалдар айылын тыяр емес. Степногрск қаласы маңында Ақмола өңіріне белгілі Сағынай биге арнап орнатылған тарихи ескерткішті белгісіз біреулер қиратып кеткен. Қазір жанашыр азаматтар оны өз күшімен қалпына келтіріп жатыр.
Айта кетейік, ел ішінде бұл мәселенің үдеп бара жатқанын Президент те биылғы Жолдауында айтты. «Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнің жолын кесуге міндетті», — деген еді. Дәл осы оқиғаны тәртіп сақшылары назарға алып, бұзақылық жасағандарды іздестіріп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.