Қарағандыда потранаттық жүйе бойынша жетім балаларды асырап алып, оларға неше түрлі қорлық көрсеткен ерлі-зайыптыға үкім шығар күн жақын. Бүгін сотта жарыссөз өтіп, прокурорлар айыпталушыларға жаза сұрауы тиіс еді. Алайда бұл процесс кейінге шегерілді. Оған басты күдікті ер адамның денсаулығының күрт нашарлауы себеп. Осы іс бойынша, уақытша ұстау изоляторында отырған күдікті аяқ астынан ауырып қалған. Біз бұл оқиға жайлы бұрынғы жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.