Енді заңсыз лотерея ойнатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Енді заңсыз лотерея ойнатқан кез келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұндай әрекет үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бас прокуратура осылай ескертіп отыр. Жалпы, лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғандарға 8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Яғни бұдан былай әлеуметтік желіні жаулап алған заңсыз ұтыс ойындарына жол жоқ. Лотереяны уәкілетті органнан рұқсат алған ресми операторлар ғана өткізе алады.
———————————————