Ақтөбе халықаралық әуежайы заманауи әуе хабына айналмақ

Ақтөбе халықаралық әуежайын заманауи әуе хабына айналдыру жоспарланып отыр. Алғашқы қадам жаңа отын құю кешенін салудан басталды. Жоба 2027 жылы аяқталып, әуежайда отын құю станциясы мен 20 мың текше метрлік резервуарлық парк салынады. Құны 5 миллиард теңге болатын жоба жүк және жолаушылар тасымалы көлемін төрт есе арттырады деп жоспарланған. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында атап өткендей, әуе жүк тасымалының дамуы өте маңызды. Электрондық коммерция мен жоғары технологиялық өнімдерді жеткізу жағдайында «авиакарго» өте табысты әрі сұранысқа ие сектор болып отыр. «Сондықтан әуе хабтарын белсенді дамытып, олардың жаһандық логистикалық тізбектерге интеграциясын қамтамасыз ету қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ДАСТАН МАЛИЕВ, Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ХӘ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Жүк тасымалын екі есе көбейтуге мүмкіндік береді. Жүк тасымалымен бірге жолаушылар тасымалын да үлкейтуге ықпал етеді. Былтыр біз 985 мың жолаушыға қызмет көрсеттік. Биыл қарашада тарихымызда бірінші рет миллион деген санға жетеміз деп жоспарлап отырмыз.
———————————————