Биылғы Жолдау соңғы 2-3 жылдағы ел дамуының айқын жоспарын көрсетіп берді. Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы осылай дейді. Оның айтуынша, кез келген мемлекеттің күш-қуаты – оның экономикасы. Сондықтан Президент көтерген инвестиция тарту мәселесі өте өзекті. Әсіресе өңдеу мен өндіріс саласы. «Соның ішінде ауыл шаруашылығына қаржы құю қазіргі таңда аса маңызды», — дейді сарапшы.
ЗУЛФУХАР ГАИПОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Ауыл шаруашылығында біз бидайды өндіреміз. Бірақ оны шикізат ретінде біз тек шетелге шығарып жатырмыз. Егер осы бидайдан шыққан өнімдерді инвестиция салатын болсақ, мысалы, наннан бөлек әртүрлі макарон, басқа басқа өнімдердің бәрін елде өндіретін болсақ, Президент жолдауында айтқандай, азық-түлік қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз ете аламыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.