Президент цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды

Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда айтқан маңызды шешімнің бірі – осы. «Цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады», — деді. Сондай-ақ қазіргі заманның талабын ескере отырып, криптоактивтерге баса назар аудару керек. Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құрған жөн. «Бұл құрылымда болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақталады», — деген Мемлекет басшысы толық цифрланған ерекше қала туралы айтты.
———————————————