Елімізде Ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады

Елдің отын-энергетикалық кешені хакерлерден қорғалмақ. Қазақстанда 20 желтоқсанға дейін Ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады. Үкімет басшысы төрағалық еткен Цифрлық штабтың отырысында осылай айтылды. Жалпы, еліміздің жылу энергетикалық орталықтары цифрлық басқару жүйесіне көшкен. Жұмыс едәуір жеңілдеп, тиімділігі артқан. Алайда кемшін тұстары да бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібнің вице-министрі Дмитрий Мунның мәліметінше, соңғы кездері отын-энергетика саласына кибершабуыл көбейген. Сондықтан жаңа орталық барлық жылу электр станциясын интернет арқылы келетін қауіп-қатерден қорғайды. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндеттерінің бірі.
ДМИТРИЙ МУН, ЦДИАӨ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бізге энергетика саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ден қою керек. Энергетика нысандарында қандай құрылығылар қолданылды, жүйеде қандай ақаулар болуы мүмкін? Осыны жақсы түсінетін адамдар ғана нақты ережені әзірлей алады. Киберқауіпсіздік орталығы тек техникалық емес, салалық білімі бар мамандармен жасақталады.
———————————————