Атырауда 30 шақты ассенизатор жүргізушісі кәріз суын төгетін жер таппай, сандалып жүр. Олар жергілікті билік өкілдерінен қаланың оң жақ жағалауынан лас суды төгетін орын беруді талап етті. «Өйткені кәріз суын шығару үшін күн сайын ит өлген жерге қатынау шығын», — дейді. Алайда, Атырау су арнасының өкілдері бұл талапты бүгін-ертең орындай алмайтындарын айтады.
ҒАСЫРЖАН ЛЕКЕРОВ, «АТЫРАУ СУ АРНАСЫ» ММК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Атырау су арнасының техникалық шарты бойынша, қазіргі уақытта қаланың оң жағалауында Сарыөзек аумағында айдау станциясы белгіленген. Ол жақ алыс болғандықтан, осындай жағдайға келіп отыр. Ендігі энергетика басқармасы аясында қаланың сол жағалауында төгетін орын жобасы жасақталып жатыр, құрылыс жұмыстары келесі жылы шешілмек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.