ШҚО-да қысқа әзірленген 500 тоннадан астам шөп өртеніп кеткен

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 500 тоннадан астам пішен өртеніп, жергілікті шаруалар ондаған миллион теңге шығынға батты. Бейнежазбадан малшылардың маусымдық жем-шөп қорының басым бөлігі жойылғанын көруге болады. Өрттің шығуына негізінен адами фактор себеп болған. Көп жағдайда шөмеле мен маялар электр желісі мен тұрғын үйлерге тым жақын қойылған. Ал ауыл шаруашылығы техникалары ұшқын өшіргішсіз қолданылған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін өңірде мобильді топ құрылды. Құтқарушылар фермерлерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатыр.
НҰРЖАН ЖАҢАБАЕВ, ШАРУА:
— Жұмысшыларға, трактористерге – бәріне өрт қауіпсіздігі дәрежесін айтамыз, ескертеміз. «Далада абайлаңыздар! Өрт – тілсіз жау, аяқ астынан келеді. Ылғи дайын болыңыздар, сақ болыңыздар», — деп айтып отырамыз.
———————————————