Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖЕТІМЕКПІН МЕН НЕГЕ?
Қарағандыда потранаттық жүйе бойынша жетім балаларды асырап алып, оларға қорлық көрсеткен ерлі-зайыптыға үкім шығар күн жақын. Бүгін сотта жарыссөз өтті. Прокурорлар қанша жыл жаза сұрады?
ЕЛДІҢ АҚШАСЫН ЖЕГЕН
Алматыда қаржы пирамидасына қатысты мәселе ушықты. Танымал маркетплейсте алып-сату арқылы аз уақытта байлыққа қол жеткізуге уәде бергендер алдап кетті. Жүздеген миллион теңгесінен қағылғандардың тағаты таусылып барады.
МАЛҒА АЗЫҚ ТАПШЫ
Шығыстағы шаруалар малға азық таппай қаламыз ба деп алаңдаулы. Қысқа әзірлеген 500 тоннадан астам шөп күз болмай өртеніп кеткен. Оған кім кінәлі?
ЖАЛАҚЫҒА ЖАРЫМАЙДЫ
Ел бойынша 329 мың адам 80 мыңнан төмен жалақымен күнелтіп жүр. Тағы 800 мыңға жуық азамат күніне бірнеше сағат қана жұмыс істеп, айына 85 мың теңге табады. Бүгін Мәжілісте мамандар мардымсыз жалақыны көбейтудің жолын қарастырды.
ЖАҢА ДОМБЫРА
Петропавлдық қария электронды домбыра жасады. Әлемде баламасы жоқ құрал бірнеше аспаптың үнін шығарады. Енді өнертапқыш перне орнына сенсорлы экран орнатпақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.