Самокат тепкен екі ер адам жолға таласып, төбелесті

Бұл – самокат тізгіндеушілерден әбден зәрезап болған тұрғындардың жанайқайы. Өйткені олар зулап кісі жолында жүреді, тіпті кейбірі қағып, жазым қылып кетеді. Енді ол аздай, самокатшылар көшеде жаға жыртыса бастады. Алматыда екі ер адам жолға таласып, төбелесті. Олардың бұл әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Енді самокат мінушілер мен оны жалға берушілерді полиция қатаң жазаға тартпақ. Бүгін арнайы рейд өткізілді. Тілшілеріміз оның жай-жапсарын бүкпесіз жеткізеді.
———————————————