Арада бір айға жуық өтсе де, нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған адам табылған жоқ. Елдің жағасын ұстатқан оқиға Орал қаласында болған. Шарананың қоқыста жатқанын тұрғындар полицияға хабарлаған. Алайда шақалақтың анасы әлі анықталмай отыр. Бүгінге дейінгі іздеу нәтиже берген жоқ. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары осы істі анықтауда халықтан көмек сұрайды.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Полиция медициналық мекемелерде есепте тұратын әйелдерді тексерді. Сондай-а есепте жоқ, түрлі себеппен шығып кеткендер де тексерілді. Полиция қызметкерлері сол маңдағы көп қабатты және жеке үйлерді аралап, әрбір үйде тексеру жұмыстарын жүргізді. Үйлердің кіреберістерінде орнатылған бейнебақылау камералары және сол аумақтағы камера бейнежазбалары зерттелді. Шақалақтың анасын іздеу жұмыстары жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.