Қарағандыда көпқабатты үйлердің шатырларына кірпіш қойып жүрген жасөспірім ұсталды. Оқушы есепке қойылды, ата-анасының үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Жеткіншектің оғаш әрекеті туралы бірнеше тұрғын үй кешенінің тұрғындары байбалам салған. Жасөспірім үйлердің шатырына есік құлпын бұзып кіріп, көтерілетін болған. Жоғарыға шыққан соң, кірпіштерді құлайтындай етіп, шатыр шетіне қойған. Тәртіп бұзушы 15 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Мұның бәрін ол әлеуметтік желілерде оқырман жинау үшін жасаған. Өз әрекетін видеоға түсіріп, бөлісіп отырған. Бұл ісі әшкере болғаннан кейін парақшасын өшіруге мәжбүр болды. Бұған дейін жасөспірім ешқандай есепте тұрмаған.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мектепішілік есепке алынды. Ал оның заңды өкіліне қатысты «Кәмелетке толмағанның бұзақылығы» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Материалдар сотқа жолданды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.