Атырау облысы Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан мектептің төбесі опырылып, ортасына түсті. Ақау 1200 оқушыға шақталған оқу ордасының спорт залынан шыққан. Залға жақын орналасқан дәліз бен бірнеше кабинеттің де төбесі бүлінген. Оқиғаға құрылыс материалын дұрыс жинақталмау себеп болуы мүмкін. Мектеп осы жылдың соңында тапсырылуы тиіс еді. Қазір оқиға орнына мамандар шақыртылып, тиісті тексеріс және сараптама жүргізіліп жатыр.
КҮЛӘН ҚҰЛБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Спорт залының шатырына құрылыс материалдарын жинағандықтан сол құлап кеткен. Облыстық әкімшілік тарапынан бақылаушы органдармен бірге комиссия құрылды. Нысанның басында төтенше жағдай орын алған жоқ. Аталған келеңсіздік облыстық әкімдік бақылауында. Жалпы құрылыс монтаждау жұмыстары бүгінгі күні 45 пайызға орындалып отыр. Өзінің жоспарланған уақытында мектеп пайдалануға тапсырылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.