«Ауыл» партиясы Президент Жолдауындағы бастамаларды талқылады

«Ауыл» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы бастамаларды кеңінен талқылады. Жиынға саяси ұйымның Мәжіліс депутаттары, барлық өңірлік филиал активі, сондай-ақ орталық аппараттың жауапты қызметкерлері қатысты. Отырыста елдің саяси жүйесін жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері назарға алынды. Сонымен қатар бір палаталы Парламент құру жағы да сөз болды.
ТАҢСҰЛУ СЕРІКОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Парламент – халықтың келбеті. Қай сала, қай категориядағы азамат болмасын мәселесін Парламентке барып айтады. Егер бір палата болса, ол халыққа тағы бір қадам жақындау керек.
———————————————