17-18 қыркүйек Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтеді

Елорда дін көшбасшыларын қарсы алуға дайындалып жатыр. 17-18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтеді. Ауқымды шараға Мемлекет басшысы төрағалық етеді. Съезге 60-қа жуық елден жүзден астам делегация жиналмақ. Бұған дейінгі кездесулерде әлемдік сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі, Астананы бейбітшіліктің астанасы деп бағалаған. Бұл жолы да жаһандық мәселелер талқыланады. «Әсіресе жастарды қақтығыстардан, діни экстремизм мен терроризмнен қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру тақырыптарына басымдық беріледі», — дейді Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры.
ЕРШАТ ОҢҒАР, «НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:
— Әлемде болып жатқан геосаяси немесе саяси құбылыстарды қарайтын болсақ, өте күрделі кезең болып тұр. Бүгінгі күні осындай шиеленістердің түйткілін шешуіге дін лидерлерінің өзара ықпалдастығы, бейбітшілік жағындағы синергиясы оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Бұл съездің тақырыбы соған бағытталған. Демек, Қазақстан үшін съездің кезекті сессиясы өзінің стратегиялық мәнін толық ашады деп сенемін.
———————————————