«Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2025» оқу-жаттығуы өтті

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2025» тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оған 1500-ден астам әскери қызметші, 200-ге жуық әскери мен арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 30-дан аса ұшу аппараты тартылды. Әуе шабуылына қарсы тұру үшін зениттік-зымыран кешендері пайдаланылды. Бірлескен маневрлерді Қорғаныс министрі, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысылары, әскер тектерінің қолбасшылары тікелей бақылады. Шара соңында Қорғаныс министрі жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін, есептоптардың үйлесімді әрекетін атап өтті.
———————————————