Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АЙТЫЛҒАН СӨЗ – АТЫЛҒАН ОҚ
Әлеуметтік желіде аузына келгенді көкитіндер көбейді. Аутизммен ауыратын балаға тіл тигізген блогер кешірім сұрап құтылғысы келді. Бірақ құзырлы орган оған қатысты қылмыстық істі тоқтатпайды.
МЕКТЕПТІҢ ТӨБЕСІ ҚҰЛАДЫ
Құлсарыда жаңа салынып жатқан мектептің төбесі опырылып, ортасына түсті. Білім ошағы жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс еді. Құрылыстағы кілтипанға кім жауапты?
АТА-АНА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Тәртіпке бағынған құл болмайды. Бала көшеде бейәдеп сөйлесе, ата-анасы айыппұл арқалайды. Өйткені ұрпақ тәрбиесі ең әуелі отбасынан басталуы керек. Маман пікіріне құлақ түрейік.
САМОКАТШЫҒА САУАЛ
Самокатшыларға тықыр таянды. Олар зулап кісі жолында жүреді, кейбірі қағып та кетеді. Полиция самокат мінушілер мен оны жалға берушілерді қатаң жазалап, жөнге салмақ.
МЕХАНИК ӘЙЕЛ
Бүгін 20 жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келе жатқан келіншек туралы айтамыз. Жергілікті жүргізушілер темір тұлпарынан ақау шықса, Айзада Мейірбанованы іздейді. Түркістандық механик әйелдің бұл кәсіппен айналысуына не себеп?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.