Әкесін ұрып-соғу ісі: келіні әрекетсіздігі үшін жауапқа тартылады

Түркістан облысында болған жантүршігерлік оқиғаны жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Баласы әкесін өлімші етіп сабап жатқанда, жайбарақат қарап тұрған келінінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Ол әрекетсіздігі үшін жауап береді. Жалпы, қоғамдағы тәртіп мәселесін Мемлекет басшысы да үнемі айтып келеді. Жолдауда: «Елімізде құқықбұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптастыруымыз қажет», — деген болатын. Ал әке қарғысына ұшыраған күдікті қазір қамауда отыр.
———————————————