Маңғыстауда Бекет атаға зиярат жасауға бара жатқан көлік аударылып, он жолаушы қайтыс болды. Дәрігерлер аман қалған 3 адамның өміріне араша түсіп жатыр. Оқиға кезінде көлікте 12 жолаушы және жүргізуші болған. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жедел штаб құрылып, қаза тапқандардың денесін өз өңіріне жеткізу үшін арнайы транспорт ұйымдастырылды. Облыс әкімдігі жерлеуге қажет шығынды өтеуге көмектесетін болды. Жол апатынан зардап шеккендердің бірі түнде санавиациямен Ақтауға жеткізілген. Қалған екеуі Жаңаөзен ауруханасында жатыр.
БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДСБ БАСШЫСЫ:
— Жүргізуші – Жаңаөзен тұрғыны. Екі науқас – Қарағанды облысының тұрғындары. Түнде облыстық санавиация бригадасы Жаңаөзен қаласына жолданған болатын. Тексерістен кейін бір науқас облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр. Барлық медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.