Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз алтын өндірісін әшкереледі. Көктен түсірілген таспада аумаққа заңсыз енген мигранттардың бұл іске әзірлікпен келгендері көрінеді. Солардың бірі – құрамында қымбат тасы бар құмды тасымалдауға арналған жүзбелі баржа. Арнайы операция барысында ұсталғандардың 19-ы шетел азаматы болып шықты. Қазір күдіктілердің өзге де адамдармен байланысы бар-жоғы және қымбат металды өткізу каналдары анықталып жатыр.
РУСЛАН НҰРСАПАНОВ, ПД ҰҚКБ БАСТЫҒЫ:
— Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу, тексеру басталды. Тергеу барысында заңсыз әрекетке қатысы бар 20- дан астам адам анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Дәлелдерді жинау жұмыстары жүргізілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.