Ауыл шаруашылығында субсидия қарызы 270 млрд теңгеден асты

Қазір аграрлы облыстарда күзгі орақ науқаны қызған шақ. Ал Ауылшаруашылығы министрлігінің дерегінше, субсидия қарызы 270 млрд теңгеден асып кеткен. Мәселен, астықты өңірдің бірі Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешендерін субсидиялауға 61 млрд теңге қажет. Шаруалардың айтуынша, берілмеген берешек олардың несиелерін және лизинг төлемдерін дер кезінде өтеуіне кедергі келтіріп отыр. Бұл жағдай бойынша тиісті ведомство: «Төлем тетіктері сынақтан өтіп жатыр», — деп хабарлады. Ал субсидия біртіндеп төленеді. Яғни тікелей қаржы институттарына аударылып, шаруалар 5 пайыз жылдық мөлшерлемемен арзандатылған несие алады.
———————————————