Астанадағы қарқынды урбанизация мен халық санының өсуі құрылыс саласының өркендеуіне түрткі болып отыр. Ал сол құрылыстың сапасын бақылау – үлкен мәселе. Бұл нарықта «Engineering Services» инжинирингтік компаниясы көш бастап келеді. Оның қоржынында бүгінде Қазақстанда, Қырғызстан мен Өзбекстанда сәтті жүзеге асырылған 500-ден астам жоба бар.
Ержан Ғабдуллин – техникалық бақылау жөніндегі бас инженер. Ол Астанада салынып жатқан мына тұрғын үйдің құрылыс барысын бақылап жүр. Ертең ондаған отбасы көшіп келетін нысанда құрылыс нормалары мен ережелері, қауіпсіздік пен сапа стандарттары сақталған ба – мұның бәріне осы кісі жауапты.
ЕРЖАН ҒАБДУЛЛИН, ENGINEERING SERVICES ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАС ИНЖЕНЕРІ:
— Күн сайын біз құрылысқа жеткізілген материалдардың сапасын, мердігерлер орындайтын құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиясын қадағалаймыз. Қандай да бір қателік анықталса, дереу түзетіледі. Біз болашақ үйдің беріктігі мен ұзақ мерзімділігі біздің жұмысымызға байланысты екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан әрбір нысанға толық жауапкершілікпен қараймыз.
Ержан еңбек ететін Engineering Services компаниясы 12 жылдан бері түрлі санаттағы құрылысқа инженерлік сүйемелдеу мен техникалық қадағалау қызметін ұсынып келеді. Оның ішінде энергия аудиті, геодезия, техникалық тексеру, қаржылық-техникалық бақылау, үлестік құрылысты сүйемелдеу, жобаларды және ғимараттарды басқару секілді қызмет түрлері бар. Осы уақытта компания 500-ден астам жобаны табысты жүзеге асырған. Сөйтіп, клиенттердің 7 миллиард теңгесін үнемдеуге көмектесті. Бүгінде ай сайын 4,5 миллион шаршы метрден астам аумақты бақылайды.
КӘРІМЖАН БЕКБАЕВ, ENGINEERING SERVICES КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Біздің миссиямыз — өмір сүруге тұрақты әрі сенімді орта құру. Engineering Services — қауіпсіздік пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі.
Engineering Services – құрылыс мониторингіне цифрлық технологияларды енгізген Қазақстандағы алғашқы инжинирингтік компания. Олардың DES атты IT-жүйесі құрылыстағы кемшілікті ерте анықтап, ай сайын 25 млн теңге мен мыңдаған сағат еңбекті үнемдейді. Компания тек құрылыс барысын ғана емес, нысанды пайдалануға бергеннен кейін де бақылауда ұстайды. Қазір компания мамандары Қазақстанның түкпір-түкпірінде, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзербайжанда жұмыс істеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.