Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс сот қарауында. Тексерілген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 миллиард теңге залал өтелді. Қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды. Президент барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.