Оралда бұралқы иттер тұрғындардың мазасын алды

Оралда бұралқы иттер тұрғындардың мазасын алып жатыр. Қалада қаптап кеткен қарғы баулылар жыл басынан бері мыңнан астам адамды қауып алған. Иттің көбінің иесі жоқ. Тиісті мекеме өкілдерінің айтуынша, бұған халық тарапынан итті ұстау-бағу ережесінің дұрыс сақталмауы себеп. Негізінде иелері оларды өз аттарына тіркеп, чиптеуге міндетті. Бірақ осы талап орындалмай, салдарынан қаңғыбас ит көбейген. Қазір есеп бойынша қалада 20 мыңнан астам ит бар. Қалалық ветеринариялық станцияға бұралқы иттерді анықтау, санын шектеу үшін 14 миллионға жуық теңге бөлінген. Жыл соңына дейін бұл қаржыға 1,5 мыңнан астам үй жануарын биостерилизациялау жоспарланған.
ЕРЛАН ИЩАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯ ДИРЕКТОРЫ:
— Реттеуге мүмкіндік жоқ. Ол иттер күннен күнге өсіп жатыр. Оны ұстау да, аулау да оңай емес. Жабайы болып кеткен ғой. Қазір көп тұрғын күшік кезінде жақсы көріп ит асырайды. Сосын өсе келе қаңғытып жібереді. Дұрыстап тамақ та бермейді. Бұралқы иттер содан пайда болып жатыр.
———————————————