Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалағаш ауылында мәдениет үйі ашылды. Шалғай ауыл тұрығындары жергілікті атқарушы биліктен жаңа ғимарат салуды көптен сұрап келген. Былтыр жергілікті қазынадан 476 млн теңге бөлініп, 200 орындық мәдениет үйі бүгін халық игілігіне берілді. «Енді үйірме саны екі есе көбейіп, жастарды шығармашылыққа тартуға, ауылдың қоғамдық өмірін жандандыруға жол ашылды», — дейді мамандар.
СӘРСЕХАН ҚОНАҚБАЕВА, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұрынғы мәдениет үйі 1955 жылы салынған. Одан бері, міне, 80 жыл өтті. Ескірген, ішінде жылуы жоқ болатын. Қазір жаңа ғимаратымыз салынып, жастарымыз, өнерлі адамдарымыздың бәрі қуанышында шек жоқ. Алдында 4 штат болған, енді 8 штатқа көбейетін болды. Адам саны көбейсе, өнерлі жастар да көп қой.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.