Бүгін елімізде Қазақ киносы күні аталып өтеді. Бұл – күнтізбедегі жай күн емес, ұлттық кинематографияның қалай бастау алғанын және 90 жылдан астам уақыт ішінде қалай дамығанын еске түсіретін мүмкіндік. Алғашқы «Амангелді» фильмінен бастап, бүгінде үлкен экранға шығып, әлемнің түкпір-түкпірінен көрерменін тауып жатқан заманауи фильмдерге дейінгі жолды қамтиды. Мерекеге орай «Сарыарқа» кинотеатрында Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» атты туындысы көрсетіліп, қазақ киносының ардагерлері бас қосты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.