Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 92-ші маусымын ашты. Ғасырға жуық тарихы бар Алматының бұл тарихи сахнасы көрерменді жаңа қойылымдарымен, жаңартылған репертуарымен және әсемделген ішкі келбетімен қарсы алады. Театрдың сахна сыртындағы өмірімен түсірілім тобымыз танысып қайтты.
Бұл сахнада өнерпаздар тоқсан жылға жуық уақыт бойы дайындық өткізіп келеді. Қазақстандағы ең көне опера және балет театрында Байсейітова, Жандарбеков, Брусиловский, Төлебаев сынды аңыз адамдар мен талай жұлдыз қалыптасты. Бүгінде мұнда әртістер көне дәстүрді сақтай отырып, керемет қойылымдарды сахналанып келеді.
Театр өз көрерменін асқан шеберлігімен таңғалдырып келеді. Бұл деңгейдің сақталуына балет өнеріндегі ең үздік мамандар өткізетін шеберлік сабақтары үлкен үлес қосуда. Әсіресе Freedom Holding Corp қолдауының арқасында әртістер әлемге әйгілі балет жұлдызы, Мариинка театрының бұрынғы прима-балеринасы Ульяна Лопаткинадан тәлім алып, оның жетекшілігімен «Аққу көлі» қойылымын дайындады. Сондай-ақ әйгілі британдық хореограф Акрамханнан да тәжірибе алды.
ГҮЛЖАН ТҰТҚЫБАЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
— Біздің әртістеріміз бұл партияны орындау барысында баға жетпес тәжірибе мен мол білім алды. Әсіресе ұсақ-түйек тұстары, құпиялар және сондай керемет балеринамен байланыс. Ол – өте зиялы, нәзік тұлға. Менің ойымша, бұл біздің әртістеріміздің және онымен бірге жұмыс істеген барша жанның жадында өшпес із қалдырады.
Freedom Holding Corp пен Freedom Shapagat қаржылай қолдауының арқасында театр жаңа кейіпке енді. Театр мұражайы, хор галереясы, VIP залы қайта жөндеуден өтті, сонымен бірге әртістер мен қонақтар үшін заманауи жағдай жасалды.
БАҒЛАНА МУСИНА, «FREEDOM ШАПАҒАТ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Біз Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына кешенді қолдау көрсеттік. Тұрмыстық, техникалық қажеттіліктермен қатар шығармашылық дамуды да қамтыдық. Freedom Holding Corp. компаниясының көмегі арқасында «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсын сахналау сияқты ірі шығармашылық жобалардан бастап, Акрамханның репертуарлық тәжірибесіне дейінгі бастамаларды жүзеге асыру мүмкін болды.
«Хан Сұлтан» жаңа ұлттық операсы өткен маусымның премьерасы ғана емес, театр тарихындағы жаңа кезеңнің айқын белгісіне айналғандай. Қазақ қойылымы Түркияны да баурап, Ататүрік атындағы залда мыңдаған көрерменді жинап, зор қошеметке бөленді.
АЙНҰР КӨПБАСАРОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ ДИРЕКТОРЫ
— Тек жөндеу емес, жаңа белестің алдында ұлттық опера қою идеясы туындады. Сол идеяны құптап, «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы қойылды. Оны тек Қазақстан емес, әлемдік сахнаға шығаруға көптен көп үлесін қосқан осы Freedom Holding компаниясы.
92-ші шығармашылық маусым жай ғана жаңа қойылымдар емес. Бұл – өткен мен болашақты арасындағы ұлы тарихтың жалғасы. Жаңғыртудан өткен Абай атындағы театр бүгін де жоғары өнердің, үлкен шабыттың символы болып қала бермек. Ал Freedom Holding Corp өз кезегінде елдегі мәдени нысандарды қолдауды әрі қарай да жалғастыруды жоспарлап отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.