Талдықорғанда BIKEN FEST ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды

Талдықорғанда BIKEN FEST ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды. Өнер бәйгесі биыл Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының 50 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. 13-17 қыркүйек аралығында тоғыз театр көрерменге өз репертуарын ұсынады. Фестивальге өңірлік театрлар мен Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның шығармашылық ұжымдары қатысады.
ЕРЛІК ЖУАСБЕК, Б. РИМОВА АТЫНДАҒЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл халықтар арасындағы өнер майталмандарының өзара тәжірибе алмасуы деп білеміз. Бұл фестивальдің маңыздылығы, біздің мамандарымызға арналған шеберлік сағаттары өтеді. Өнер адамдарының бір-бірімен танысуы, ұжымның мерекелік кездесуі деп білеміз.
———————————————