Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОҢҒЫ САПАР
Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен үш адамның халі мүшкіл. Өңірде шағын автобус аударылып, 10 адам қайтыс болды. Елдің әр түкпірінен жиналған жолаушылар Бекет ата басына бара жатқан.
МИЛЛИОНМЕН ДЕКРЕТКЕ
Ақтөбеде жүкті әйелдерге «миллионмен декретке» шығуға көмектескен екі есепші 6 жылға сотталды. Олардың бұл қитұрқылықты арнайы курста оқып үйренгені рас па?
СУБСИДИЯ КЕРЕК
Мемлекеттің шаруалар алдындағы берешегі 270 млрд теңгеге жетті. Бұл – аграрлық салаға бөлінуге тиісті субсидия. Қазір күзгі орақ науқанының қызған шағында қаржы тапшылығы қолбайлау болып отыр.
ВИРТУАЛДЫ МИНИСТР
Албания әлемде алғаш болып жасанды интеллект базасында виртуалды министр сайлады. Ол мемлекеттік сатып алу жүйесіне жауап береді. Ал Қазақстан бұл салада не ұсынбақ?
ҚАЗАҚ КИНОСЫ
Бүгін – Қазақ киносының күні. Осыған орай Алматыда отандық фильмдердің көрсетілімі болды. Жалпы ел азаматтары қазір қандай киноны көреді?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.