Оқушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус пен Hyundai Accent автокөлігінің соқтығысуы оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Саяжайда болған жол-көлік апатынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал жанында отырған жолаушы ауруханада көз жұмды. Оқушылар автобустан сыртқа шығып үлгергенімен, кісі өлімімен аяқталған жол апатынан қатты шошынып қалған. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оқиға жеңіл автокөлік жүргізушісі абайсыздығынан болған.
ӘБДІНҰР ТАСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:
— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Істі тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
———————————————