Үкімет Мемлекет басшысының Халыққа жолдауын іске асыру жоспарын қабылдап, қауіпсіздік мәселелерін пысықтады. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жол қауіпсіздігін халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды мәселе ретінде атап көрсеткенін айтты. «Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде жол-көлік оқиғалары мен адам өлімі азаймай отыр», — деді Премьер министр. Мәселен, өткен жылы жол апаты салдарынан 2 мыңнан аса адам өмірімен қоштасса, 20 мыңға жуығы түрлі дене жарақатын алған. Қазір осындай өкінішті жәйттерді болдырмас үшін жол құрылысының сапасынан бастап, жолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдету керектігі айтылды. Полиция қазірдің өзінде іске жол бойына қадағалауды күшейткен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.