Көлік ойнатамыз деп курс сатқан блогерлер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Астанада танымал блогер Ерболат Жанабыловтың жұбайы – Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы басталды. Сот залында блогер «курсқа қанша адам қатысты?» деген сұраққа тұщымды жауап бере алмады. Жеңімпаздар санына қатысты да нақты дерек жоқ. Сот отырсында ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі бұл істі қылмыстық сипаттағы деп тануды ұсынды. Оның мәліметінше, блогер Эльмира Төлегенованың әрекетінде алаяқтық немесе заңсыз кәсіпкерлік қызмет белгілері бар. Осыған байланысты мемлекеттік орган қозғалған әкімшілік істі тоқтатып, материалдарды сотқа дейінгі тергеу органдарына жолдауды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, даулы мәселе ерлі-зайыпты блогерлердің автокөлік ойнататынын жариялаудан басталды. Жүлдеге қатысу тек онлан курсты сатып алғандарға ғана қолжетімді болған. Оның құны 30 мың теңгеге бағаланған. Бұл – қоғамда үлкен резонанс тудырып, мемлекеттік органдарға шағымдар түсе бастады.
ОЛЕГ ЧЕРНОВ, ҚОРҒАУШЫ:
— Бастапқыда екеуін де – Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы да – комитетке шақырып, материал жинамақ болды. Бірақ Ерболатқа қатысты іс бірінші жіберілген. Бұл жерде мемлекеттік орган өз жұмысын тиянақты көрсетуі керек. Кінәсі болса, нақты айғақтармен дәлелдеуге тиіс.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.