Президент псевдопсихологтар мен коучтардың мәселесін жауапты органдарға тапсырды

Ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Осы мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше тоқталып, өз алаңдаушылығын білдірген еді. Президенттің айтуынша, халықты өмірге үйретіп, одан ақша тауып жүрген псевдопсихологтар мен жаттықтырушылар қазір көп. Осыған байланысты мәселені жауапты органдар назарға алуға тиіс деді.
———————————————