Шымкент тұрғыны жүкті әйелге төленетін жәрдемақыны заңсыз көбейткені үшін сотталды

Шымкент тұрғыны жүкті әйелге төленетін жөргекпұл мен жәрдемақыны заңсыз жолмен көбейткені үшін сотталды. Ол 21 жүкті әйелдің әлеуметтік және зейнетақы жарналарын қолдан көбейтіп, мемлекеттен берілетін төлемдерді бекітілген мөлшерден бірнеше есе артық алуға көмектескен. Келтірілген шығын – 22 млн теңге. Айыпталушы 40 кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдаланған. Ал қылмыстық жолмен алынған ақшаның бір бөлігін пәтерінің алғашқы жарнасын төлеуге жұмсапты. Сот 29 жастағы әйелді 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал зардап шеккен әлеуметтік сақтандыру қорына 22 миллион теңгеге жуық материалдық шығынды өтеп беруге міндеттелді. Жалпы, кезінде осы курсты Дәулет Мұқаев ұйымдастырған. Қазір ол – Мәжіліс депутаты. Біз бұл мәселеге қатысты оның пікірін білдік.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Алаяқ болсаңыз заң алдында жауап бересіз деп айтқаным бар. «Егер ешқандай табысы болмаса, өтірік ИП ашпаңыз», — деп екі сағаттық сабақта жеті рет қайталанды. Түсінген адам түсінеді. Түсінбеген адам бас ал десе, шаш алатын азаматтар бар.
———————————————