Ақтөбе облысында киік жаппай қырылды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы аумағындағы Қайрақты өзенінде киік жаппай қырылды. Судан 108 өлексе шығарылды. Оқиғаны сол маңдағы тұрғындар көріп, тиісті орындарға хабар берген. «Жалпы мемлекеттің қорғауына алынған жануарлар өзеннің арғы бетіне өтерде бірін-бірі таптап өлтірген», — дейді инспекторлар. Оған қарсы жағалаудағы қалың қамыс пен жардың тіктігі де себеп болуы мүмкін. Экологтар судан, ветеринарлар өлген киіктен сынама алды. Қазір өңірде 300 мыңдай киік бар. Олардың бір бөлігі қыстау үшін Қызылорда, Ұлытау, Қостанай облыстары мен Ырғыз ауданына қарай үдере көшкен көрінеді.
ӘДІЛГЕРЕЙ ӘУЕЛБАЕВ, ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Бүгінгі таңға ешбір адам зиян шеккен жоқ. Ол жерде 22 адам жұмыс істеді. 8 көлік, техника болды. Оның ішіндегі ең қауқарлысы – жер қазатын және оны көметін трактор.
———————————————