2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады

Келесі жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады. Бұл платформа Еуразиялық даму банкінің гранттық қаражаты есебінен әзірленіп жатыр. Оны Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі қолға алған. Жоба мақсаты – жерүсті және жерасты су ресурстарын, гидротехникалық құрылыстар мен басқа су шаруашылығы нысандары туралы мәліметтерді біріктіріп, бірыңғай цифрлық платформа құру. Сонымен қатар болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін де қолдану көзделуде. Жүйе мемлекеттік жүйелермен интеграциялануы арқасында ақпарат қайталануын жойып, суды пайдалануды бақылау мен басқаруда ашықтық пен тиімділікті арттырады. Министрлік жобаны 2026 жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.
———————————————