Президент Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді. Мемлекет басшысы жуырда жарияланған Жолдауында Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін жүктеп, кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Жиында киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі қауіп-қатер, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқылмыспен күрес және кадр даярлау мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы кибералаяқтықпен күрес және мемлекеттік органдардың құзыретін арттыруға ерекше назар аударып, азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуді басты міндет ретінде атады. Кибер ортадағы қауіпсіздікке мән беріп, жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруді тапсырды.
———————————————