Жаңа деңгейдегі жайлы өмір: BI Ecosystem клиенттік форумы өтті

Астанада BI Ecosystem атты ауқымды клиенттік форум өтті. Оған екі мыңнан астам адам қатысты. Тағы 20 мың көрермен онлайн-трансляция арқылы тамашалады. BI Ecosystem – бұл BI Group тұрғын үй кешендерінің тұрғындары және болашақ клиенттерімен жобалар мен шешімдерді бірлесіп талқылау алаңы.
BI Group қазір тек үй салумен шектелмейді. Бұл – жайлы өмірге арналған тұтас экожүйе. Елордада өткен BI Ecosystem клиенттік форумы – холдингтің басты іс-шарасының бірі. Форумға қатысушылар қызықты жобаларды талқылап, ұсыныстармен танысты. Мысалы, үлкен қалаларға арналған шешімнің бірі – бигвилль. Бұл – тұтас аумақты кешенді игеру, яғни барлық инфрақұрылымы қарастырылған үлкен аудан: мектеп, балабақша, саябақ, дүкен – бәрі үйдің қасында. Өзі бір қаланың ішінде тағы бір қала сияқты.

АЙБАР МҰҚАНОВ – БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ДИРЕКТОРЫ:
— Бигвилль – бұл жай ғана үй емес, бұл – толыққанды экожүйе, орта. Мұнда клиент өзінің барлық негізгі қажеттілігін қанағаттандыра алады. Егер білсеңіздер, «15 минуттық қала» деген ұғым бар. Бигвилль дәл осы концепцияға негізделген.

Мынау холдингтің әр жобасына сай алдын ала әзірленген жеке бұрыш –толық ақпарат беретін көрме. «Ақылды үй», «Smart Remont», сондай-ақ компанияның әлеуметтік жобалары. BI Group үшін тек технология мен сапа стандарты ғана емес, сонымен бірге клиент пен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік те маңызды екенін атап өтті. Форумда қонақтар жаңа өніммен, қаржылық ұсыныс және ерекше сервиспен танысты. Соның бірі – пәтер кілтін алғаннан кейін үйді толықтай күтіп-баптаумен айналысатын компания.

ДИАНА ЕРМҰХАМБЕТОВА, МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Біз сонымен бірге «Big App» атты қосымшамызды дамытып жатырмыз. Мұнда клиенттер үйге қатысты өтініш қалдыра алады, үйдің қаржылық есебімен таныса алады, көршілерімен байланысып, қосымша қызметтерге тапсырыс бере алады. Яғни біз осы қосымшаны дамыту арқылы клиентке бар қызметті бір ғана батырмамен алуға мүмкіндік жасап жатырмыз.

Клиенттік форум жыл сайын Қазақстанның ірі қалаларында өтеді. Мұндай кездесулерде холдинг өкілдері тұрғындардан салынған үйлер туралы, кіреберістер мен аулалардың абаттандырылуы туралы, құрылыс жұмыстарының сапасы жайында пікірлерді тыңдап, тікелей кері байланыс ала алады. Іс-шараның басты мақсаты — жайлы өмір сүруге арналған орта құрудағы кешенді тәсілді көрсету.
———————————————