Отандық контенттің жаңа дәуірі. Ел азаматтары әлемдік премьераларды енді қазақ тілінде тамашалай алады. Елімізде Unico Play стримингтік платформасы іске қосылды. Онлайн кинотеатрда отандық фильмдер бірнеше тілде қолжетімді болмақ. Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама қазақстандық кинотуындылардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашады.
Unico Play – ұлттық деңгейдегі жаңа медиа алаңы. Sony Paramount, Columbia Pictures сияқты әлемдік студиялармен серіктестік орнатқан. Стримингтік платформа 5 мың сағаттан артық контент ұсынады. Бұл –отандық және халықаралық премьера, түрік және кәріс сериалының қазақша дубляжы, 100-ден астам тікелей эфирдегі теларна. Деректі жобалар мен балаларға арналған бағдарламалар да бар.
ДИАС ДОСМҰХАНБЕТОВ, UNICO PIAY БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Қазақстандағы бірінші медиа диджитал компаниямыз. Тек түсіріп қана қоймай, IT-мамандармен өзіміздің платформамызды жасап жатырмыз. Біз қазақ киносына өзінің бір шаңырағы керек деп көп ойладық, сол мақсатпен Unico Play онлайн кинотеатрын іске қосып жатырмыз.
Оның алғашқы премьерасы – «Қара бекіре» драмасы. Фильм Каспийдің экологиялық жағдайы жайлы сыр шертеді. Стримингтік платформада қазірдің өзінде 6 жоба дайын. Тағы 23-і өндірісте. Онлайн кинотеатрда отандық фильмдер бірнеше тілде қолжетімді. «Бұл – қазақ киносының халықаралық нарыққа шығуына жол ашады», — дейді жоба авторлары.
Жобаға қолдау көрсеткен инвестор – белгілі кәсіпкер Тимур Турлов. Іскер азамат Unico Play тек көрермен үшін емес, шығармашыл жастар үшін де жаңа мүмкіндік екенін атап өтті. Стримингтік платформадағы басты басымдықтардың бірі – қазақ тіліндегі контент.
Unico Play қолданушылары қосымшаны смартфон, браузер және Smart TV арқылы әлемнің кез келген нүктесінен пайдалана алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.