Бүгін танкистердің кәсіби мерекесі. 15 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінде Танкистер күні аталып өтеді. Бұл күннің тарихы 1942 жылдан басталады. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары Республика жастары жинаған қаражатқа жасалған танкілер легі Қазақстаннан майдан даласына жіберілген болатын. Айтулы мерекеге орай, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Танкистер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы, ардагерлер, әскери қызметшілер мен курсанттар қатысты. Мереке аясында ардагерлер мен әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Айта кетейік, елімізде жыл сайын танкистердің кәсібилігі мен шеберлігі артып, атыс техникасы мен ұрыс жүргізу тактикасы жетілдірілуде.
МЕЙРАМБЕК МҰХТАРБЕК, III СЫНЫПТЫ СЕРЖАНТ:
— Гвардейск горнизонының Матыбұлақ полигонында 21450 әскери бөлімінің үшінші танк батальонының жеке құрамымен Танк-72 техникасынан бірінші бақылау-ату жаттығу орындалуда. Жеке құрам оқу ғимаратында барлық үйренген әдіс-тәсілдерді далалық жиында жоғары деңгейде көрсетуде.
НҰРБОЛАТ АБДРАХМАН, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР:
— біздің экипаж штаттық жаттығуларды мүлтіксіз орындады деген үміттемін. Бұл 40 тонналық шынжыр табанды брондалған техниканы кез келген адамның қолынан келе береді деп ойламаймын. мен танкист болғаныма мақтанамын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.